суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қазақстанның танымал әншісі пластикалық ота жасап, елді таң қалдырды

Әнші Зарина Омарова 15 күн бұрын пластикалық операция жасатқан. Өнер иесі қабағын тартқызып, көзін үлкейткен. Яғни, блефаропластика жасатқан. Әнші мұндай қадамға төмен түскен қабағын қайта көтеру үшін барған, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Коллаж ИА «NewTimes.kz»
Фото: Коллаж ИА «NewTimes.kz»

Ота жасату туралы әнші көп жыл бойы армандапты.

«Мен 20 жасымнан бері көзіме операция жасатуды армандайтын едім. Бірақ, қатты қорқатынмын. 15 күн бұрын көптен бері іске аспай келген арманымды орындадым», — дейді Зарина Омарова.

Алайда, Омарова пластикалық операция жасатқанын ашық айтпаса да, бұны қарапайым халық байқаған. Шыны керек әншінің түрі қатты өзгерген.

«Қайырымдылық концертте ән салғанда халық бірден біліп қойды. Негізі мен асығыс сахнаға шығып кеттім. 15 күннің ішінде көзімнің айналасы толық жазыла қойған жоқ. Әлі де ісік бар», — дейді әнші.

Омарова блефаропластиканы 300 мың теңгеге жасатқан. 

Дегемен қазіргі таңда көптенген қазақ жұлдыздары пластиқалық отаға жиі жүгінетіні де рас. Бірақ оны мойындамайтындары да аз емес.

Оқи отырыныздар: Казнетті шулатқан видео: Сәбит Әбдіхалықовтың әйелдері бір тойда жүр

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1