Астана әкімдігі қаладағы мектептің алдында ата-аналар мен балалардың жаппай жиналуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім бөлімінің мәліметінше, 9 шілдеде «Жайлы мектептер» жобасы аясында салынған Төле би көшесінде ( «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені) орналасқан №101 орта мектебіне құжаттар қабылдау басталған. Мектеп әлі пайдалануға берілмегендіктен, құжаттарды қабылдау №71 мектепте ашылған.
«Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданғандықтан, бұл кезектің пайда болуына әкелді. ЕGov электронды жүйесінде мектепке тіркелу үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. Қазіргі уақытта ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есеге арттырылды, сонымен қатар SmartNation құжат қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, ол 11 шілдеде жұмысын бастайды», – делінген ресми хабарламада.
Білім басқармасының мәліметінше, сегіз жаңа жайлы мектепке онлайн тіркелуге болады:
- № 104 орта мектеп, Орынбор көшесі және № 37 (SOHO тұрғын үй кешенінің ауданы);
- №103 орта мектеп, Мәңгілік Ел даңғылы және E 497 көшесі (Мешіт ауданы);
- №99 мектеп, Қабанбай батыр және Сығанақ қиылысы ( «Поколение»тұрғын үй кешені);
- №101 мектеп, Төле би және Е758 көш. ( «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені);
- №111 мектеп, Төле би - 24 көш. (солтүстік Барыс Арена);
- №106 мектеп, S-189 және 12-207 көш.
- №105 орта мектеп, Көктал, Ұлытау – Наурыз көшесі;
- №102 орта мектеп, А.Байтұрсынұлы, №9 құрылыс алаңы ( «Highvill» тұрғын үй кешені)