суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Шымкенттегі мектеп-гимназияда дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтанудың жолдары айтылды

Шымкенттегі №45 мектеп-гимназиясында діни экстремизмнің алдын алу бойынша, дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігі жайында  кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Ұ.Алиакбарұлы қатысты. Мақсатты аудитория – оқушылар болды, себебі, тәжірибе діни ағымдардың ықпалына көбінесе жастар түсетінін көрсетті.

Кездесудің мақсаты – дәстүрлі діндер тарихы туралы ақпараттандыру, деструктивті ағымдар қызметінің мағынасын ашу, дәстүрлі діндер тарихын насихаттау болды. Оқушылар  арасында діни сауаттылықты арттыруға басымдық берілді. Себебі,  14-30 жастағы жастар – халықтың ең белсенді бөлігі. Олар менменшіл жандар, өсіп, дамығанды қалайды. Көбінің ұйымға берілетіні сонша, тіпті жаңа бауыр-қарындас таптым деп мектепті де, отбасыларын да тастап кете береді.

Сол себепті, ұлтымыздың ұлттығын, болашағын сақтау үшін біз жастарымызға көңіл бөлуіміз керек. Олардың діни жат ағымға еріпкетпеуіне біз өз күшімізді салуымыз керек. Экстремизм және терроризм бұл әлемдік тенденция. Ол қазіргі күнде өзіндікдогма ретінде тарқалып жатыр. Сондықтан қазақ жастарын және қазақстандағы жат ағымдар, осы экстремизмніңтаралмауы үшін біз қоғам болып күресуіміз керек. Кездесу барысында туындаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Айта кетейік, дәл осындай семинарлар Шымкенттің өзге мектептерінде де өткізіліп жатыр. Солардың бірі – Қорқыт ата атындағы №22 орта мектеп. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары аталған оқу ордасының оқушыларымен кездесіп, терроризм мен экстремизмнің зауалы туралы баяндама оқыған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0