среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Блогер Фариза Төреәлі жолдасымен мешіт құрылысын бастады

Танымал блогер Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен бірге айт кезінде мешіт құрылысын бастады, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/farizatoreali
Фото: instagram.com/farizatoreali

Бұл туралы ол әлеуметтік желідеге парақшасында жазды.

«Раббымыз бізге мешіт салғызып жатыр! +1 арман. Бұл түсіміз бе әлде өңіміз бе?!..Үлкен арман. Үлкен мақсат. Үлкен жоба. Ертеңгі тарих. Осы мақсат жұмыс жасауға үлкен шабыт пен жігер берді. Ақиқатында әрбір ризық Алладан болған соң Оның жолында сол ризықты жұмсай алу бір бақыт. Пайғамбарымыз (с.а.с) үмметі, еліміз үшін қызмет ету, дамуына үлес қосу – біздегі миссия»,— деп жазды танымал блогер.

Оның айтуынша, бұл туралы олар бұрыннан армандаған, ниет еткен. Сонымен қатар, болашақта тағы бірқатар нысан салу жоспарларында бар екенін жеткізді.

«Бұрыннан екеуміз отырып алып «қайырымдылыққа бір күні мешіт, медресе салатындай табыс деңгейіне жетсек ия» деп қиялдайтынбыз. Раббымыз жүректердегі ниетті Білуші, осы күнді нәсіп қылып жатыр. Алда медресе, кітапхана, мектеп және тағы да мешіттер салуға ниетіміз бар.

Құрбан айтқа дейін аяқтағымыз келеді, иншаАлла. Ашылуына барлық оқырманды шақырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!» — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 3