четверг, 23 мая 2024 г.
icon
441.79
icon
478.77
icon
4.9
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құруға қатысты ойын «Мамский әңгіме» подкастында баяндап берді, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Әншінің екі некесі де сәтсіз болып, бүгінде екі баласын жалғыз өзі бағып отыр. Алайда жалғыздықтан шаршағанын жасырмады.

«Тағы тұрмысқа шығуға дайынмын деп ойлаймын. Іскер әйелміз, өзімізді-өзіміз бағамыз. «Мен сүріндім, мені тастап кетті» дейміз де, бала-шағаны бағып, ер адамның тірлігін істеп жүрміз ғой.

«Өзім» дегеннің артында әлсіз әйел тұр. Ол табиғи құбылыс, жаратылыс. Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын. Бірақ жұмыс істемесең тағы болмайды. Бала-шағаңның киініп, жақсы білім алғанын қалайсың. Өзің де әлемнің кереметін көргің келеді», — деп жан сырын ақтарды әнші.

Одан кейін эстрада жұлдызы жұмыстың бәрін азаматына артып қойып, өзі еркелеп жүргісі келетінін айтты.

«Кейде бәрін ер адамға ысырып тастап, еркелеп өмір сүргім келеді. Бірақ маған ондай мүмкіндік әлі бермеді. Құдай ондай ер-азаматты жолықтырмады. Бірақ мені алда сол адам күтіп тұр деп ойлаймын. Соған сенемін. Менің еркелігімді көтеретін, әйелдік қасиетімді алға шығаратын, еркелететін, алақанында аялап, менің балаларымды өз баласындай көретін, асырап, бағып, бірге қыдыратын ер адам болады деп ойлаймын. Менде ондай нәрсе болмағасын, қатты қызығамын. Ішкі күйім де соған дайын сияқты», — деді әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0