четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
0oC
1xadv
×

Оралда Тәуелсіздік күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» музейі ашылды

Этномәдени бірлестік жетекшілері таяуда Орал қаласында Тәуелсіздік күні мейрамында ашылған «Рухани жаңғыру» музейінің өңір тарихын танып-білуге, зерттеуге қосар үлесі зор екенін айтады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Аталмыш музей Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ашылып отыр ғой. Маған музейдің барлық залы ұнады. «Батыс Қазастан облысының  киелі жерлері» деп  аталатын залда интерактивті картаның көмегімен Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне  енген  облысымыздағы алты нысанмен жете таныстым. «Жаңарған өлке» залында Астана мен Орал шаһарларының бүгінгі жетістіктері туралы көп мәлімет алдым десем артық айтқандық емес.  Ал экспозициялық зал тіптен керім. Мен өзім Батыс Қазақстан облысының тарихына, соның ішіндегі Батыс Алашордасы туралы қызыға оқимын. Мұнда өткен ғасырда қазақ елінің азаттығы үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің өмірі туралы көп дерек жинақталған екен. Ерекше әсер алдым.

Күзде облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай айтып өткендей, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласынан кейін Ассамблея жұмысында да біраз өзгеріс болып, қайта жаңғыруда. Бұл - уақыт талабы. Аталмыш бағдарлама арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы біздің алдымызға нақты міндеттер қойылып отыр. Соған орай осы бағдарлама шеңберінде облыстық ассамблеямен өткізілетін іс-шаралар жоспары жасақталды. Оған біздің де этномәдени ағарту қоғамы атсалысуда»,— деді бізбен әңгімесінде БҚО «Еднання» украин мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Виктор Тарасенко.

Айта кетейік, музей 1893 жылы салынған ескі ғимаратта ашылды. Бұған дейін түрлі мекеме-кәсіпорнының кеңесі болған ғимарат тозған болатын. Оны қайта қалпына келтіріп, рухани ордаға айналуына «Kaz Construction Group» компаниясының бас директоры Мұратбек Мұхамедиев кол ұшын берді. Музейдің ашылу салтанатында облыс әкімі Алтай Көлгінов осынау ізгілікті іс туралы атап өтіп, кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0