пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Литвалық ұстаз 1000-нан аса балаға домбыра үйреткен

Бронислав Бугинас қазақтың көне аспаптарын танып қоймай, кейбірін меңгеріп алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бронислав Бугинастың ұлты – литвалық. Ұлытау облысы Қарсақпай ауылынан елордаға көшіп келгеніне 10 жыл болды. Қазір «вокал және музыкалық аспаптар» үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарады.

«География факультетінің 2 курс студенті едім. Жезқазған қаласында жастар арасындағы шығармашылық байқауға қатыстым. Алматыға жолдама жеңіп алдым. Содан бастап өнерге, домбыраға деген қызығушылығым артты. Кейін музыкаға ден қойып, оқуымды ауыстырдым. Міне, осылайша домбыра, өмірімді күрт өзгертті», ― дейді Бронислав.

Өнерімен көпті тәнті еткен литвалық азамат мемлекеттік тілді де меңгере бастаған. Домбыра арқылы, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныдым, тілін үйреніп жүрмін, дейді ол.

Бронислав Бугинас ұлттық аспаптар жинаумен әуестенеді. Коллекциясында қазақтың түрлі домбырасымен қатар қобыз, саз-сырнай, тұяқтас, тіпті сыбызғыға дейін бар.

«Негізі менің мұғалімдік тәжірибем – 40 жыл. Бұл уақыт ішінде көптеген ұлттық аспапты жинап үлгердім. Бірін достарым сыйға тартқан, бірнешеуін туған-туыстарым табыстаған. Бір жерден музыкалық аспап көрсем, сатып аламын», ― дейді ол.

Бугинас бүгінге дейн 1000-нан астам балаға домбыра шертуді үйреткен. Алдағы уақытта музыка арқылы балаларды отансүйгішікке тәрбиелеп, қазақ тілін насихаттаймын дейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 5

В статье: