пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Блогер Мерей Әбіловаға қымбат сыйлық тарту етілді

Жақында ғана ұзатылған Мерей Әбілова күйеуі екеуі Алматыдан төрт бөлмелі пәтерге ие болғанын хабарлады. Қайын атасының досы асқан жомарттық танытып, жас жұбайларға осындай бағалы сыйлық жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/@abilovva_m
Фото: Instagram/@abilovva_m

Мерей Әбілова бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. Блогер бұндайды сыйлықты мүлдем күтпегенін айтты. Қайын атасының досы шаңырақ көтеріп жатқан жастарға құдалық кезінде төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған.

«Әкеміздің жақын досы бізге Алматыдан төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтай берсеңіздер болады», —  деп жазды Мерей. 

Айта кетейік, жақында Тараз қаласында Мерей Әбілованың ұзатуы тойы дүркіреп өткен болатын. Күйеужігіт сүйіктісін Алматыдан ұшақпен алып қайтты. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2