пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Қазақпен құда болсам екен»: Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды

Танымал әнші Медеу Арынбаев балалары туралы сыр шертті. Сондай-ақ өнер иесі сахнадан не үшін жиі көрінбей жүргенін «Хабарlike» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды stan.kz.

Фото: instagram.com/medeu_arynbaev
Фото: instagram.com/medeu_arynbaev

Эстрада жұлдызы ұлының үйленіп, немере сүйетін күнді армандайтынын жасырмады.

«Ұлым мен қызымды аса қатты қадағаламаймын. «Абайлап жүр» деймін. Бір Аллаға тапсырдым. Бұлар да мені қинайтын сұрақтар қоймайды. Балаларыма үлкен сенім артамын. Ол үлкен – жауапкершілік. Қызым бойжетті, ұлым ержетті. Құда болуға дайынмын.

Бұл уақытта араласудың керегі жоқ сияқты. Жүрек қалаулары болсын. «Қазақтың қызы болса екен. Қазақпен құда болсам екен" деп армандап қоямын. Бірақ руға бөлінбеймін. Шығыс, батыс демеймін. Кезінде өзіме де «Оңтүстіктің қызы болса екен» деді. Тағдырдың жазуымен, Көкшетаудың қызына үйлендім. Балаларыма да шектеу, талап қоймаймын. Заман өзгерді», — деп сырын ақтарды әнші.

Сонымен қатар бірнеше жыл өнерден қол үзіп қалғанын да жасырмады. Айтуынша, денсаулығы сыр беріп, ота жасатқан көрінеді.

«Биыл бес жыл болды. Денсаулығыма байланысты, шеттетіліп қалдым. Сахнада ес жоғалттым. Сескеніп, қаймығып қорқып қалғанымды жасырмаймын. 2019 жылы ота жасаттым. Содан кейін былтыр 3 сағаттық концерт беріп, ақталғандай болдым. Оның бәрі артта қалды. Өмір болғасын әркімнің басында болатын жағдай», — деп түсіндірді әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0